Түркістан облысында көші-қон заңнамасын бұзған 9 шетелдік анықталды

Кеше, 18:35 384

Түркістан облысында көші-қон заңнамасын бұзған 9 шетелдік анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Түркістан облысында көші-қон саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу мақсатында "Заңсыз келуші" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. Шараға көші-қон қызметкерлері, учаскелік инспекторлар, криминалдық және патрульдік полиция жұмылдырылды. Жүйелі жұмыс нәтижесінде Ордабасы ауданында 9 құқық бұзушы анықталды.

Оның ішінде шетелдіктердің көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 6 әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ үш азамат көші-қон заңнамасын бұзғаны және шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқаны үшін жауапқа тартылды. Бұдан бөлек, іс-шара кезінде полицейлер шетелдік азаматтармен және жұмыс берушілермен көші-қон саласындағы заңнаманы қатаң сақтау қажеттігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: