Түркістан облысында кортежбен жүрген түлектер жазаланды

26 Мамыр, 04:39 1480

Полицейлер тарапынан жүргізілген түсіндіру шаралары мен ескертулерге қарамастан, бірқатар түлек кортеж ұйымдастырған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Түркістан облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, Шымкент қаласындағы мектеп бітіруші жастар Түлкібас ауданында кортеж жасап, көлік терезелерінен денесін шығарып жүрген.

Дәл осындай дерек Ордабасы, Қазығұрт аудандарында да тіркелген.

Кортеждегі автокөліктердің барлығына дерлік әкімшілік шара қолданылды. Ал, оқушылар мен ата-аналарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Облыс полицейлері рейд шараларын жалғастыруда. Сондықтан жол қауіпсіздігін сақтаңыздар! - делінген Полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.

Перизат Саденова
Бөлісу: