Түркістан облысында келіндер өзара бақ сынады

Бүгiн, 05:15 433

Түркістан облысы Кентау қаласының 70 жылдық мерекесіне орай “Пай-пай, қазақтың келіндері-ай” атты келіндер сайысы өтті. Жарысқа қатысқан 10 келін қатысып, өзара мықтыны анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Қатысушылар өзін таныстыру, өнерін көрсету, сұрақтарға жауап беру, қамыр жаю сындары бойынша бақ сынасты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқау жас келіндер арасында ежелден ұмыт болған ұлттық құндылықтарды қайта жаңғыртуға бағытталған.

Төрт кезеңді қамтыған сайыста Байылдыр ауылының келіні, С.Қожанов атындағы №9 мектебінің ұстазы Динара Оралова 1-орынды жеңіп алды. Жүлделі 2-орынды №23 Ә.Бөкейханов атындағы мектебінің ұстазы Айгерім  Әсет иеленсе, 3-орынғ Кентау көпсалалы колледжінің ұстазы Тоғжан Тінейбайға бұйырды. Барлық қатысушыларға арнайы сыйлықтар табысталды. 

Асқар Таудай
Бөлісу: