Түркістан облысында ішімдіктен бас тартқан ауылдар саны 30-ға таяды

21 Мамыр, 10:18 499

Түркістан облысында ішімдіктен бас тартқан ауылдар саны артып келеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, биыл Сайрам ауданындағы Ханқорған ауылы да спирттік сусындарды мүлде пайдаланбаймыз деп шешкен.

Бір Сайрам ауданы бойынша ішімдіксіз ауыл саны 10-ға жетіп отыр. Олардың қатарында Шіркін, Ошақты, Құрлық, Таскешу, Әсіларық, Сарыарық, Тоған, Теспе, Ханқорған, Құтарыс ауылдары бар.

Бұдан бөлек, Арыс қаласындағы - Дермене, Теміржолшы, Орманды, 40-разъезд, Бәйдібек ауданындағы - Түйетас, Жетісай ауданындағы - Алмалы, Келес ауданындағы – Шұқырсай, Мақташы, ал Мақтаарал ауданындағы – Табысты, Ордабасы ауданындағы - Аққойлы, Жусансай, Төреарық және Көлтоған ауылдары, сондай-ақ Отырар ауданындағы – Қарғалы, Сауран ауданындағы – Жүйнек, Шекербұлақ, Төлеби ауданындағы - Алғабас, Оңтүстік және Диханкөл, Қазығұрт ауданындағы – Шарбұлақ ауылы ішімдіксіз ауылдардың қатарына қосылған.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: