Түркістан облысында ер адам досымен бірге мола басында әйелін зорлаған

14 Маусым, 15:54 10117

Түркістан облысында ер адам досымен бірге әйелін зиратта зорлаған, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

Сарыағаш ауданының тұрғыны өз әйелін өлтіремін деп қорқытып, досымен бірге зиратқа апарып, ойына келгенін істеген. Олар тағылған айыпты ішінара мойындады. Оқиға болардың алдында ішімдік ішкен екеуі әйелге не жасап жатқандарын түсінбеген.   

Сот оларды кінәлі деп танып, 9 және 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: