Түркістан облысында екі мыңнан астам түрлі әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді

Бүгiн, 09:35 137

Түркістан облысында екі мыңнан астам түрлі әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Түркістан облысында құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге және түрлі құқық бұзушылықтардың жолын кесуге бағытталған іс-шараның үш тәулігінде «ізін суытпай» 40 қылмыс пен бұрын жасалған екі қылмыс ашылды. Сондай-ақ тәртіп сақшылары 2275 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Атап айтқанда, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 52 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мас күйінде көлік жүргізудің 18 фактісі және қарсы жолаққа шығудың 9 фактісінің жолы кесілді. Мысалы, полиция қызметкерлері патрульдеу кезінде Түркістан қаласы көшелерінің бірінен Hyundai Sonata көлігін тоқтатты.

Тексеру кезінде жүргізушінің көлік құралын мас күйінде басқарғаны анықталды. Тәртіп сақшылары жол ережесін бұзушыны әкімшілік жауапқа тартылды. Айта кетейік, «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы жедел жағдайды жақсарту, құқық бұзушылықтарға «нөлдік төзімділік» қағидатын нығайту және көшелер мен қоғамдық орындарда азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өткізіледі.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: