Түркістан облысында екі адамды белгісіз біреулер атып кетті

6 Тамыз 2023, 09:51 740

Полицейлер Түркістан облысында ауыр қылмыс жасады деген күдіктілерді ұстау бойынша іс-шаралар жүргізіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

5 тамызда екі белгісіз адам Арыс қаласында салынып жатқан үйдің аумағына кіріп, белгісіз қарудан оқ атып, қашып кеткен көрінеді. 

Үйдің иесі және оған құрылыста көмектескен танысы алған жарақаттарынан қайтыс болған. Сондай-ақ, құрылысқа көмектескен екі ер адам оқ жарақатын алғаны анықталып отыр. Олар бірден ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі уақытта арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. "Ұстап алу" жоспары қабылданды. Күдіктілердің жеке басын анықтау мен оларды ұстау бойынша қажетті іс-шаралар жүргізілуде. Болған оқиғаның барлық жағдайы анықталып жатыр. Тергеу барысы Түркістан облысы полиция департаменті басшылығының жіті бақылауында, - деп жазылған ІІМ-нің ақпаратында.

ҚР ҚПК-нің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері құпия ұсталады. 

Асқар Таудай
Бөлісу: