Мақтаарал ауданы білім бөлімінің 43 лауазымды тұлғасы мен жауапты қызметкерлері 2,4 млрд теңгеден астам бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінді. Прокуратура тергеу жүргізіп, қылмыстық іс сотқа жолданды.
Қаражат білім саласында жұмыс істемейтін адамдардың есеп шоттарына заңсыз жалақы аудару арқылы жымқырылған. Бүгінгі күні күдіктілер 333,5 млн теңге көлемінде мемлекетке келтірілген залалды қайтарды, сондай-ақ олардың қылмыстық жолмен табылған құны 649,7 млн теңге болатын мүліктеріне тыйым салынды, - дейді ведомстводан.
Прокуратураның мәліметінше, мемлекетке 1 млрд теңгеге жуық залал қайтарылды.