Түркістан облысында балабақша бүлдіршіндері жаппай уланып қалды

26 Маусым, 15:55 676

Түркістан облысының Келес ауданында бүлдіршіндер жаппай уланып, ауруханаға түсті. 2 мен 3 жас аралығындағы балалар балабақшада бірінен соң бірі құсып, бастары айналған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ауруханаға жеткізілген тәрбиеленушілердің 15-не алғашқы медициналық көмек көрсетілген соң, үйлеріне қайтарылған. Қалған 19 баланың үшеуі жансақтау бөлімшесіне, 16 бүлдіршін жұқпалы аурулар бөлімшесіне жатқызылды. Алдын ала болжамдар бойынша барлығы балабақшада таңғы асқа ботқа жеп, түскі асқа сорпа ішкен.

Қазір Санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті мамандары мектепке дейінгі мекемедегі сол күнгі астан сынамалар алып, зертханалық тексеру жүргізіп жатыр. Осы жайт бойынша аудандық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады.

Бүгіннен бастап науқастардың жағдайы қалыпты болуына байланысты үйлеріне шығара бастадық. Қазіргі таңда ауруханада жатқаны, инфекцияда үш науқас жатыр. Қалған үш науқастың жағдайы бірқалыпты. Емін алып жатыр, - дейді Келес аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Бекарыс Асқарбекұлы.
Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: