Түркістан облысында әйел 30 жыл отасқан күйеуін өлтірді деген күдікке ілінді

19 Сәуір, 10:05 1687

Сайрам ауданы Қарамұрт ауылында 49 жастағы әйел 30 жыл отасқан күйеуін өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға 12 сәуір күні болған. Қанды қылмыс туралы қайтыс болған ер адамның інісі Азаттық радиосына хабарлаған. Сайрам аудандық соты «Адам өлтіру» бабымен іс қозғап, күдіктіні 2 айға қамауға санкция берді.

Күдікті мен марқұмның кәмелет жасына толған ортақ 4 баласы бар. Олардың үлкені әкесі ішімдік ішіп, анасын көп ұратынын, талай рет үйден қашып, далада қонғанын айтты.

Ауылдық  учаскелік полицейі марқұмның ішімдік ішкенін, отбасылық жанжал мен тұрмыстық зорлық-зомбылықтан күдікті 2019 жылы «полиция қамқорлығына алынғанын» айтады.

Дегенмен 2023 жылдан бері әйелі күйеуінің үстінен қандай да бір шағым түсірмеген.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: