Түркістан облысында автогаз қымбаттай ма? Әкімдік мәлімдеме жасады

17 Сәуір 2023, 21:24 1844

Түркістан облысында автогаз қымбаттамайды. Бұл туралы Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Сәкен Далиев мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Түркістан облысына сұйықтылған газдың сұранысы айына 12 000 тоннаға жуық көлемді құрайды. Ал, күнделікті тұтыну көлемі 420 тоннаның төңірегінде.

Басқарма басшысының сөзінше, өңірдегі сұйытылған автогаздың көлемі жеткілікті. Алдағы уақытта да тапшылық туындамайды.

Сәуір айына 10236 тонна, мамыр айына 12359 тонна, маусым айына 10739 тонна сұйытылған мұнай газ Түркістан облысына бөлініп отыр. Бағасы да тұрақты. Түркістан облысы аумағында сұйытылған автогаздың литрі 60-65 теңгенің көлемінде сатылып жатыр. Алматы, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Абай облыстарында тариф өседі деп жоспарлануда. Ал, біздің өңірде әзірге ондай жоспар жоқ. Көлемі де жеткілікті. Зауыттан күніне 16 вагоннан Түркістан облысына жіберіліп жатыр, - деді Сәкен Далиев.

EL.KZ
Бөлісу: