Оқиға 2022 жылы желтоқсан айының 21-інен 22-сіне қараған түні қаладағы рестобарлардың бірінің алдында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, туған күнге жиналған жастар қызық үшін аспанға оқ атқан. Айғақты зат ретінде ішкі істер органдарына тіркелмейтін, яғни 2 дана сигнал бергіш тапанша алынды. Қарумен оқ атқан 5 жас жігіттің жеке басы анықталды. Олар Жетісай қаласының тұрғындары болып шықты, - делінген ақпаратта.
ҚР ҚК-нің 293-бабының 3-бөлігі 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.