Түркістан облысында алаяқтық жасаған лауазымды тұлға ұсталды

7 Ақпан 2023, 17:28 1396

Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Түркістан облысы Сауран аудандық полиция бөлімі бастығының бұрынғы орынбасарына, полиция полковнигіне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі ANTIKOR баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ол полиция бөлімінде алаяқтық фактісі бойынша тергеліп жатқан тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тартуға және іс бойынша залалды өтеуге жәрдемдесу үшін алаяқтық жолмен 1 млн теңге мөлшерінде ақша алды деген күдікке ілінді. Кінәсін толық мойындауына және келтірілген залалды өтеуге байланысты тергеу сотының санкциясымен лауазымды тұлғаға «үйқамақ» бұлтартпау шарасы таңдалды», деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жалғасып жатыр.

Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етуге жатпайтыны қоса хабарланды.

EL.KZ
Бөлісу: