Түркістан облысында 5 жасар бала терезеден құлап көз жұмды

9 Маусым 2023, 09:43 677

Елімізде бір тәуліктің ішінде екі бала терезеден құлап кетті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

ҚР ТЖМ мәліметінше, 8 маусымда Жезқазғандағы 5 қабатты тұрғын үйде ересектердің қарауынсыз қалған 2021 жылы туған бала 3-қабаттың терезесінен құлап, ауруханаға жатқызылды.

Түркістан облысындағы Таукент ауылында 5 қабатты тұрғын үйде тағы да ересектердің қарауынсыз қалып, 5-қабаттың терезесінен құлап кеткен 2018 жылы туған бала оқиға орнында қайтыс болды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: