Түркістан облысында 4 жасар бала суға батып кетті

14 Маусым, 09:52 526

Түркістан облысында суға батып кеткен 4 жасар баланың денесі табылды, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

Otyrar.kz-тің мәліметінше, Сарыағаш ауданындағы Ынтымақ ауылында 2020 жылы туған ұл бала көз жұмған. Баланың денесін жергілікті тұрғындар Ашынау каналынан тауып алған.

Алдын ала мәлімет бойынша, үлкендердің қарауынсыз қалған бала суға құлап кеткен. Құтқарушылар балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды.

Бұған дейін ШҚО-да ата-анасының қарауынсыз қалған 2021 жылғы бала суға батып кеткенін хабарлаған едік.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: