Түркістан облысында 325 мопед жүргізушісіне айыппұл салынды

25 Шілде, 14:56 497

Түркістан облысында мопед жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін сақтауына бақылау күшейтілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Биыл өңірде мопедтердің қатысуымен 11 жол апаты тіркелген.

Полиция қызметкерлері осы мопед жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін сақтауын бақылауды күшейтті. Нәтижесінде жыл басынан бері оларға қатысты 325 әкімшілік хаттама толтырылды. Оның ішінде 16 жасқа толмағандардың ата-аналарына 12 хаттама түзілген, - делінген хабарламада.

Полиция мопед иелерін жол қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: