Әйтеке би ауылында жеке тұрғын үйлердің бірінің аумағында 3 тоннаға жуық шөп пен шаруашылық құрылысы өртенді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өрт сөндірушілер жақын маңдағы қосалқы ғимараттарға өрттің таралуына жол бермей, өртті толығымен сөндірді. Зардап шеккендер жоқ. Себебі анықталуда.
ТЖМ шөпті тұрғын үйлер мен шаруашылық құрылыстардан неғұрлым алыс жерлерде сақтау қажет екенін еске салады.