Түркістан облысында 220 мыңнан астам оқушы ыстық тамақпен қамтылады

21 Тамыз, 08:44 502

Түркістан облысында жаңа оқу жылынан бастап 220 920 бала мектепте бір реттік тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Әкімдік ұсынған мәліметке сүйенсек, оның 60 693-і осал топтағы отбасы балалары болса, қалған 160 227-сі 1-4 сыныпта оқитын оқушылар. Жалпы өңірдегі 881 мектепте балаларды ыстық тамақпен қамту ұйымдастырылған.

Ал «Мектепке жол» акциясы аясында мемлекеттік білім беру ұйымдарында білім алатын әлеуметтік осал топтағы отбасынан шыққан 60 693 балаға мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Әр баланың мектеп формасына 43 407 теңгеден беріледі.

Айта кетсек, облыста 530 мың оқушы болса, оның 52 593-і биыл 1-сыныпқа барады. 

 

Зарина Арман
Бөлісу: