Түркістан облысында 2 мың жыл бұрын жасалған алтын әшекейлер табылды

23 Мамыр, 18:00 704

Түркістан облысында археологиялық қазба жұмыстары кезінде ескі қорым табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ішінен екі мың жылдан астам уақыт бұрын жасалған алтын әшекейлер шықты.

Ордабасы ауданы Қарааспан ауылына жақын Төлебай төбе қорымындағы үшінші обада әр жылдары жерленген бес адамның мүрдесі де болды. Мамандар тапқан зергерлік бұйымдардың жасалу технологиясы ерекше. Айшық тәрізді алтын сырғалар асыл тастармен безендірілсе, тұрмыстық заттар да қоламен көмкерілген.

Қорымды зерттеу жұмыстары ұзақ жылдар бойы жүргізіліп келеді. Бұл жолы 3 бірдей оба қазылып, соның екеуі тоналғаны анықталды.

Тарихи маңызға ие жәдігерлердің біразы арнайы зерттеуден соң «Ордабасы» музейіне қойылады. Ал ерекше қолданбалы өнер туындыларын республикалық маңызы бар музей қорына өткізу жоспарланып отыр.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: