Автокөліктің жануының тағы бір жағдайы «Шымкент-Самара» автожолында болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
16 оқушы мен бір жүргізуші болған газельді өрт толығымен шарпыды. Жолаушылар көліктен алдын ала шыққан болатын. Олар Қызылорда облысынан Түркістанға экскурсияға бара жатқан.
Шақырылған сәттен бастап өрт сөндірушілер өртті 37 минутта сөндірді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.