Түркістан облысында 150 отбасыға «Рамазан қоржыны» табысталды

27 Наурыз, 07:20 777

Қасиетті Рамазан айында Түркістан облысы Төлеби ауданында 150 отбасыға азық-түлік таратылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Аудандық орталық «Нұр» мешіті көптеген игі істердің ұйтқысы болып отыр. Мешіттің бас имамы Үсен Саурбаевтың бастамасымен 150 отбасыға "Рамазан қоржыны" табысталды. 

Аудан әкімдігінің мәліметінше, көмекке мұқтаж болған жандардың қайырымдылық шарасына «Куаныш Ешенқұл» жеке қоры демеушілік жасаған. 

Мешітке тіркелген әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасылар, аудан аумағындағы мешіттерде еңбек ететін азаматтар "Рамазан қоржынына" ие болды.

Қасиетті құран оқумен басталған жиында ауданның бас имамы Үсен Саурбаев қайырымдылық ізгіліктің анық көрінісі болып табылатынын, ол - адам бойындағы ең асыл қасиеттердің бірі екенін айтып, демеушілік жасаған қор басшысына алғысын жеткізді.

Айлардың сұлтаны болған, әр ісімізге шексіз сауаптар жазылған қасиетті айда жасаған игі амалдарымызды Алла қабыл етсін,-деді ауданның бас имамы. 

Зарина Арман
Бөлісу: