Түркістан облысында 12 жасар қыз суға батып кетті

12 Мамыр 2023, 09:10 1166

Түркістан облысында суға батып кеткен 12 жасар қыздың денесі Келес ауданынан табылды. Бұл туралы Otyrar.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. 

Оқиға Абай ауылында болған. Құтқарушылардың айтуынша, оқушы 8 мамыр күні сағат бес шамасында «Ошақты» каналына құлап, өздігінен шыға алмаған. Жасөспірімнің құрбысының сөзіне қарағанда, ол ойнап жүріп кездейсоқ суға құлап кеткен. Іздеу нәтижесінде қыздың денесі оқиға орнынан 5 шақырым жерде табылды.

Суға батқан адамды іздеуге ТЖД-ның 6 қызметкері, полицияның 8 қызметкері, жергілікті атқарушы органдардың 4 қызметкері және туыстарының арасынан 12 адам тартылды. Іздеу кезінде «Ошақты» каналына су беру уақытша тоқтатылып, қыздың денесі 21:20-да құлаған жерден 5 шақырым жерден табылды, - деп хабарлады құтқарушылар.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: