Түркістан облысында 11 адам суға кетті: министр пікір білдірді

22 Тамыз 2023, 10:05 1314

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Түркістан облысының Сырдария өзенінде 11 адамның суға кеткеніне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ басшысы іздеу жұмыстары жалғасып жатқанын мәлімдеді.

Іздеу жұмыстары жалғасуда. Төрт отбасы демалыста болған. Олар шомылуға арналмаған жерде суға түскен. Өкінішке қарай, салдары осындай болып отыр, - деді ол.

Ал тілшінің «қандай да бір лауазымды тұлғалар жауапқа тартыла ма?» деген сауалына:

«Мұның бәрі тергеу шараларының нәтижесіне қарап анықталады» деп жауап қатты.

Айта кетейік, кеше Сырдария өзенінде шомылып жүрген 11 адам суға кеткен. Олардың барлығы бір әулеттің адамдары екені анықталды. 

Мадина Асылбекова
Бөлісу: