6 қаңтар күні облыстық Мәслихат депутаттарының жиналысында облыстың жаңа басшысын тағайындау мәселесі қаралады. Бұл туралы Түркістан облысының мәслихатына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Күн тәртібіндегі мәселе - Түркістан облысының әкімін тағайындауға келісім беру, - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Түркістан облысының қазіргі әкімі Дархан Сатыбалды. Ол 2022 жылдың 31 тамызында сайланған болатын.