Түркістан облысына тоғыз айда 235 мың турист келген

Бүгiн, 02:29 303

Түркістан облысының туристік саласы бойынша даму динамикасы және инвестициясы белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2024 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында Түркістан облысына 235 мың турист келген. Қонақ үйлер мен басқа да орналастыру орындарында көрсетілген қызмет көлемі 5,3 млрд теңгені құраған. 

Жыл қорытындысы бойынша, туризм саласына салынған инвестиция көлемі 81,2 млрд теңгеге жетті. Бұл өткен кезеңмен салыстырғанда 45,6%-ға көп. 2025 жылы өңірде 27 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған, бұл шамамен 1130 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Түркістан облысы – ішкі туризмнің маңызды бағыттарының бірі. Өңір тарихи-мәдени мұрасы, табиғи ландшафттарымен туристердің қызығушылығын арттыруда.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: