Түркістан музыкалық драма театры репертуардағы қойылымдарымен бірнеше марапатқа ие болып жүргені белгілі. Соның ішінде Ермек Аманшаевтың ерекше жанрдағы «Қорқыт туралы аңыз» пластикалық қойылымы бар, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, аталаған қойылым наурыз айының басында өтетін Қазақстанның Франциядағы мәдениет күндері аясында Бельфор мемлекеттік театрында сахналанбақ. Қазіргі таңда театр ұжымы тарапынан дайындық жұмыстары жүруде.