FlyArystan әуе компаниясының Түркістан – Астана рейсі 15 сағаттан астам уақытқа кешігіп жатыр, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы қазақстандық лоукостердің баспасөз қызметі хабарлаған.
Аталған жағдайдан кейін әуе компаниясы рейс жолаушыларына сусын, ыстық тамақ және телефон байланысымен қамтамасыз етілетінін жеткізді.
Күндізгі уақытта рейс сегіз сағаттан астам, ал түнде алты сағаттан астам уақытқа кешіктірілген жағдайда жолаушылар жатын орын, сонымен қатар ол жаққа жеткізетін және қайта алып келетін трансфер сұрай алады. Барлық сұрақ бойынша FlyArystan өкілдеріне жүгінуді өтінеміз", - деп мәлімдеді компания.
Жолаушылар рейс туралы ақпаратты әуе компаниясының сайтынан тексеріп отыра алады.