Түркі әлемінің «Қызыл алмасы»

8 Сәуір 2019, 17:22 6787

М.Қадыұлы «Қызыл aлма» идеясын зерттейді...

Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында Тарихи сананы жаңғырту мақсатында түркі әлемінің генезисі мәселесіне ерекше тоқталған болатын. Осы орайда Түркі әлемі идеясын ұстанған жазушы Мухсин Қадыұлының жақында жариялаған жаңа кітабына доцент, доктор Басира Әзизалиева пікір білдірді.

Мухсин Қадыұлының «Түркі-Ислам әлемі: Қызыл алма» атты кітабы ұзақ жылдар зерттеудің нәтижесінде Ыстамбұлда жарық көрген. Түрік жазушы М.Қадыұлы өзінің түркілік идеясын кеңінен тарату мақсатында заманауи дәуірдегі түрікшілдік идеясы туралы көзқарастарымен әлемнің түрлі елдерінде түрік және исламдық еңбектерін өз орнымен зерттеп, жариялап келеді. Ол соңғы кітабында Түрік және Ислам әлемінде әділетті бір қоғам үшін «Қызыл алма» идеясын зерттеп және оны қазіргі заманға сай қайтадан пікір қалыптастырды.

Әзірбайжанның танымал зиялыларының бірі доцент, доктор Басира Әзизалиева «Қызыл алма» кітабы туралы Әзірбайжан Жазушылар одағының «Әдебиет» газетіндегі мақаласында:

«Мухсин Қадыұлының айтуынша, Қызыл алма – утопия емес, нақты мақсаттар тізімі ретінде автор бұл кітабы арқылы заманауи кезеңдегі «Қызыл алма» идеясын көрсетті», деп жазған.

Бұл кітабында «Қызыл алма» терминінің түрлі тілдердегі мағыналарын зерттей келе, ежелгі грек, неміс, скандинав, бұлғар, серб және орыс мәдениетіндегі «Қызыл алма» жайындағы мифологиялық ұғымдарды да зерттеген. Христиан мәдениетіндегі Қызыл алма туралы ақпараттар берген Мухсин Қадыұлы, Наварро, Кастилия, Лех (Польша), француз, мажар патшалықтары мен Византия және Рим империясында «Қызыл алма» ұғымы  қандай мағыналарда қолданылғаны туралы мысалдар келтірген.

М. Қадыұлы, Осман мемлекетінің құрылуынан 80 жыл бұрын дүниеден өткен Мухйиддин Арабидің, «Eş-Şecereti’n-Nu’maniyye fi’d-Devleti’l-Osmaniyye» (Османлы сұлтандарының шежірелері) атты шығармасында «Қызыл алманың» түркілер  тарапынан азат етілетіндігін баяндайды. Сондай-ақ «Түріктер үшін жеңіс пен қуаныш  бар» деп жазылғанын алға тартады.  

Оның кітабында «1680 жылдары дүниеден өткен делінген османлық саяхатшы Әулие Челеби өз танымал саяхатнамасында, Мажарстандағы «Шейх Хазрети Мухйиддин әл-Арабидің Мажарстандағы Буден (Будапешт), Curve (Egre), Жоғарғы Австрия (Эстрагон) және Истольни Белград (Szekesfehervar) сияқты 4 Қызыл алма бекінісі Османлы мемлекетінің қол астында болған. Алланың қалауымен жақында Беч (Вена) және Рим Папа (Ватикан) Қызыл алмаларының да Осман мемлекетінің қол астына кіретін Шейх Хазрети Мухиддин әл-Араби түсіндіреді» деп жазғанын байқауға болады» дейді.  

М.Қадыұлы Осман мемлекетін Ыстамбұлды басып алуымен қатар алғаш үлкен «Қызыл алмаға» ие болғандығын, содан кейінгі жорықтар болса жаңа «Қызыл алмаларға» көз тіккенін аңғаруға болады. Әсіресе, 1500-1683 жылдар аралығында Османлы түріктері арасында «Қызыл алма» пәлсапасының өте кең таралғанын, көптеген ақын-жазушылардың «Қызыл алма» идеясына назар аударғанын тілге тиек етеді. Қазіргі таңда М.Қадыұлы «Қызыл aлма» идеясын зерттей келе мынадай анықтамалар жасайды: «Османлы мемлекетінің соңғы кезеңдерін «Қызыл алма» идеясы ұмытылған. Бірақ, Бірінші дүниежүзілік соғыстан бұрын Зия Гөкалып пен Омар Сейфеттин сияқты түрік зиялылары қайтадан күн тәртібіне қояды. Осман мемлекетінің Бірінші дүниежүзілік соғысы кезінде өте қатты жеңіліске ұшырағаннан кейін «Қызыл алма» идеясы толығымен ұмытылуға аз-ақ қалады. Қазіргі таңда Түркия және әлемде «Қызыл алма» үшін «Turan» ұғымы айтылуда. Сонымен қатар «Қызыл aлма» идеясы «Тұран» тұжырымдамасына қарағанда өте кең мағынада қолданылады. Османлы түркілері алғашқыда христиандарға тиесілі «Әлемдік үстемдік» идеясы болып саналатын «Қызыл aлманы» ұлттық философияға айналдырды. Содан кейін де түрік және мұсылмандардың әлемдік үстемдік ету заңды діни философиясы ретінде алып келді. «Қызыл алма» философиясы, түріктердің ислам қағидалары аясында әлемді әділетті, еркін, дамыту және адамзатты бақытты ету философиясы» деп атап өткен М. Қадыұлы өз еңбегінде Ислам мен ұлттық бірегейлік бойынша қысқаша төмендегі пікірлерді алға таратады: «Тарихта 16 үлкен мемлекет құрған да түркілер, Осман мелекеті кезеңінен бастап Исламның материалдық және рухани мақсаттарын түріктердің ұлттық көзқарасты ұстана отырып, Ислам әлемін ұлттық елге айналдырды. Осман мемлекеті Түркішілдіктің ұлттық мүдделерін  басшылыққа алудың орнына, әсіресе Еуропада мұсылмандарды қолдау саясатын ұстанған. Сол себептен, Осман мемлекеті қазіргі заманғы мағынада «Исламистік жаһандық күшке» айнала алды. «Қызыл алма» идеясы жаулап алу кезеңіндегі Ислам одағының символы болып саналады. Бұл түріктер мен мұсылмандардың ұмытылып кеткен ұлттық мақсаттардың бірі».

Қазіргі кездегі және келешекке арналған «Кызыл алманың» идеясын сипаттаған Мухсин Қадыұлының мынадай пікірі бар:

«Тарихқа көз жүгіртсек, он үш Крест жорығының сегізі түріктерге қарсы жасалған екен. Біртұтас христиан әскерлеріне қарсы күрескен түріктер – табиғи қорғаныс рефлексі ретінде христиандарға тиесілі ірі қалалар мен үлкен ғибадатханаларды басып алу мағынасындағы «Қызыл алманы» ұлттық идея ретінде қабылдаған-ды. Сондай-ақ исламның түпкі мақсаты болды. Осылайша түріктердің ұлттық идеясы Исламның әлемге таралу көзқарасы ұлттық және діни идеясымен бір-бірімен байланысады. Сол себептен Түрік патшалығының идеалы исламды бүкіл әлемге тарату идеалымен тығыз байланыста болды.

«Қызыл алма» идеалы исламға негізделген бір идеяға айналды. Кейбір күштердің қайтадан бас көтеруіне қарамастан, діни соғыстар дәуірі артта қалды. Адамзат баласы гуманистік кезеңде өмір сүруде. Сондықтан, бұрын христиандар қатысты исламдандыру түрінде пайда болған «Қызыл алма» философиясы – артефактілер мен қалаларды басып, жаңа мақсаттарға дейін кеңейтілуі тиіс».

Жасанды интеллектке, әсіресе, денсаулық пен фармацияға назар аудара отырып адамзаттың игілігіне жұмыс істеу үшін басқа да «Қызыл алмалар» болуы қажет. Қорғаныс өнеркәсібі тарих бойы маңызды болды, болашақта да маңызды бола бермек. Сол себептен, қорғаныс өнеркәсібінде де маңызды ашулар жасауда Түркі және Ислам әлемінің «Қызыл алмасы» болуы тиіс.

Руслан БЕГЕН
Бөлісу: