Түркі мемлекеттерінің тәуелсіздік алу кезеңіне тарихи экскурс

20 Желтоқсан 2022, 12:37 2270

Орталық Азия медиа форумының пленарлық сессиясы өтіп жатыр

Орталық Азия медиа форумының пленарлық сессиясында Түркі мемлекеттер ұйымының өкілдері елдерінің тәуелсіздік алу жолындағы қиындықтарымен баяндады. Бірінші болып Әзірбайжанның алғашқы премьер-министрі Ғасан Ғасанов өзінің естеліктерімен бөлісті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
«Тарих - мемлекеттің ең маңызды парағы. Әрбір мемлекеттің тарихшылары әр тарихи кезеңді дәл сызып, жазуы қажет. Сол кезеңді бастан өткерген біздер саяси және қоғамдық көріністің шынайылығын баяндап беруіміз міндет. 1991 жылы желтоқсан айында НАТО-ның жиналысы өткен кезде түрік мемлекеттері тәуелсіздігін қабылдау туралы құжатқа қол қойылды. Алайда тәуелсіздік алу жолында үлкен тарихи қасіретті оқиғалар орын алғанын ұмытпаған жөн. Әзірбайжан жеке мемлекет болып құрылуы үлкен кризис әкелеген еді. Қан төгіліп қаншама азаматтарымыздан айырылдық. Сол кезеңнің өзінде Қазақстанның потенциалы жоғары болды», - деді Әзірбайжанның алғашқы премьер-министрі Ғасан Ғасанов.
 
30 жыл уақыт аралығында түркі мемлекеттері үлкен өзгерістерге ұшырады. Қазақстан тұрақтылықты қаматамыз етуде бізге үлгі бола білген мемлекет дейді спикерлер. Әлемде болып жатқан оқиғалар бізді айналып өтуі үшін біртұтас болу үшін арнайы платформа құрған дұрыс.
 
«Қазақстан тәуелсіздігін алған уақытта қазақтар аз еді. Қазі үлкен деңгейге көтеріліп отыр. Қаншама ұлттың азаматтарын бір шаңырақ астында тату ұстаудың өзі үлкен күш. Осыдан бірнеше жыл бұрын Шымкент қаласында болған болатынмын. Сол уақытта Түркістан жерінде тарихи ескерткіштер бар екенін біліп, жолға шыққанымда жол жоқтығынан ұзақ жеткен болатынбыз. Қазір ол ең әсем қалалардың біріне айналыпты. Осы мысал арқылы-ақ біз қазақ елінің мемлекеттік істерге сенім мен қарап, қолдайтындарын көруге болады. Бұрыңғы тарихи кезеңдер қайталанбас үшін қауіпсіздікті қолдау арқылы дамуымыз қажет», - дейді Ғасан Ғасанов.
 
Айым Даниярқызы
Бөлісу: