Түркі мәдениеті халықаралық ұйымы әлемдік деңгейде жұмыс істейді

20 Желтоқсан 2022, 13:04 2152

Бұл туралы Астанада өтіп жатқан Орталық Азия медиа форумында мәлім болды

Бұл туралы  Халықаралық түркі мәдениеті ұйымының бұрынғы Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов айтты, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі. 

«Тарихта бес мемлекет бір уақытта тәуелсіздігін алғаны бәріне мәлім. 1992 жылы мәдени ынтымақтастықты қалыптастыру туралы мәселе көтеріліп, біз үлкен ұйым құрдық. ТҮРКСОЙ-дың қызметі қазіргі таңда жоғары бағаланады. Оның шаңырағы үлкен жобаларды сәтті жүргізіп, жүздеген әлемдік іс-шараларды сәтті өткізді. Ұйымның барлық қызметін баяндау мүмкін емес. Келер жылы өтетін 30 жылдық мерейтойды мәртебелі түрде өткіземіз деген сенімдемін.

Біздің басты мақсат - халықаралық ұйымның әлем мәдениетіне қосқан үлесін адамзатқа дәріптеп, келешек ұрпақ санасына ғұрыптау. Түркі әлемінің мәдениет қайраткерлері Абдулла Гүл мырзаға ерекше алғысын білдіреді. 2008 жылы мен Бас хатшы лауазымын алған кезде біздің ұйымның әлемдік деңгейге көтерілуіне үлкен септігін тигізген азамат», - деді Дүйсен Қасейінов.

Оның айтуынша, 2023 жылға бекітілген жоспарлар тізімі үлкен. Жоспарды орындау мақсатында өткізілетін шаралардың барлығы әлемдік БАҚ-да жариялануы қажет. Арнайы платформаның құрылуы өзінің оң нәтижесін берсе, журналистердің де деңгейі еселенеді.

Айым Даниярқызы
Бөлісу: