Түркі интеграциясын дамытудың тетігі

21 Қазан 2022, 15:30 1171

Түркі мемлекеттерінің ортақ әліпбиі бола ма?

Түркі халықтарының рухани-мәдени интеграциясын жеделдетуде тілдің бірлігі маңызды рөл атқарады. Ал тіл бірлігін жеделдетуде ортақ әліпбидің болғаны дұрыс. Осы мақсатты іске асыру үшін Бірыңғай әліпби құру жөніндегі комиссия құрылды, деп хабарлайды «Анадолы» агенттігі.

Түркияның Бурса қаласында өткен Түркі мемлекеттерінің ұйымы семинарында түркі интеграциясын дамытуда маңызды рөл атқаратын ортақ әліпби туралы талқылап, Бірыңғай әліпби құру жөніндегі комиссияның мән-жайын қарады.

Семинар Түрік тілі қоғамының басшысы Гюрер Гүлсевиннің төрағалығымен өтті. Оған түркі мемлекеттерінің ғалымдары өз елінде болып жатқан әліпби және тарихи тілдік үдерістер туралы ойын ортаға салып, бірыңғай әліпбиге көшудің маңызына тоқталды.

Семинар аясында бірыңғай әліпби құру жөніндегі комиссия құру туралы шешім қабылданып, комиссияның бірінші отырысы Қырғызстанда өтетін болып белгіленді.  

Естеріңізге сала кететіні, 2009 жылғы 3 қазанда Қазақстанның бастамасы бойынша Түркі мемлекеттерінің ұйымы құрылды.

 

EL.KZ
Бөлісу: