Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Түркі мемлекеттері басшыларын бірге болуға шақырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жаһандық сын-тегеуріндерге төтеп беру үшін түркі әлемі бірге болуы керек. Біз қазіргі кезде осы шындықты көріп отырмыз. Көптеген елдерде соғыс болып жатыр. Әзербайжанда болған Отан соғысы аяқталғаннан кейін отыз жыл бойы оккупациялаған Карабах аумағын өзіне қайтарып алды. Бұл Әзербайжанның үлкен жетістігі деп айтуға болады. Бұл Әзербайжанның үлкен жетістігі деп айтуға болады. Бір қадам болсын бейбітшілікке қарай алға жылжыдық деп айтуға болады. Бұл – жаңа мүмкіндіктер терезесі. Армения Әзербайжанға қатысты өзінің міндеттерін орындауы өте маңызды, - деді ол.
Сондай-ақ Түркия басшысы түркі елдеріне ортақ көлік дәлізін іске қосу туралы айтты.
Тағы да бір маңызды нәрсе – көлік дәлізі. Әзербайжанның батысы мен Махчеванды қосу керек. Осы көлік жолының ашылуы өңірдегі барлық елдің дамуына үлес қосады және Түркияны Орталық Азиямен қосады, - деді ол.