Туризм және спорт министрі марафондағы қайғылы оқиғаға қатысты пікір білдірді

Кеше, 20:31 187

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Алматы қаласында өткен жартылай марафон кезінде болған қайғылы жағдайға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ол желі парақшасында жазды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Министрдің жазуынша, екі қатысушының қаза табуы – ауыр әрі ерекше назар аударуды қажет ететін жағдай.

Қазіргі уақытта оқиға бойынша толыққанды тексеріс жүргізіліп жатыр. Қатысушылардың денсаулық жағдайы, жарысты ұйымдастыру тәртібі, медициналық қамтамасыз ету деңгейі мен қауіпсіздік регламенті жан-жақты сарапталады.

Жергілікті атқарушы органдар өткізетін мұндай шараларға талапты күшейтеміз. Бұқаралық спорт қауіпсіз әрі кәсіби деңгейде ұйымдастырылуы тиіс. Туризм және спорт министрлігі бұл бағытта нақты ұсыныстар әзірлеп, тиісті құрылымдарға жолдайды. Қаза болған азаматтардың жақындарына көңіл айтамын!,-делінген жазбада. 

Еске салсақ, бүгін Aлматыдағы жартылай марафон кезінде екі қатысушы қайтыс болды. 

 

Асқар Таудай
Бөлісу: