Мемлекет басшысы жариялаған «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында Астанада техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы ең ауқымды іс-шара — «Жұмысшы мамандықтар қаласы» атты фестивальдің салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалі — жұмысшы мамандықтар жылын ресми түрде ашып берген алғашқы іс-шара. Қала аумағында сегіз тақырыптық көше ашылып, 40 шығармашылық үй ұсынылған.
Фестиваль 5 күнге жалғасады. 15 ақпанда іс-шара алаңында ҚР Туризм және спорт министрлігі өкілдерінің, туризм, меймандостық және қоғамдық тамақтану саласындағы сарапшылардың қатысуымен панельдік сессия өтеді. Сонымен қатар фестивальде күн сайын түрлі семинарлар мен мастер-класстар, инновациялық сессиялар, кәсіптер шеруі, бос орындар жәрмеңкесі, стартаптардың тұсаукесерлері, концерттер мен тренингтер өтеді, - делінген мәліметте.