Туризм министрі демалыс орындарындағы әжетхана мәселесі қалай шешілгенін айтты

7 Қыркүйек 2023, 14:45 1151

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев демалыс орындарындағы құрылыс пен әжетханалардың болмауына қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Өздеріңіз білетіндей Бурабайда 2019 жылы қиын болды. Осы екі жыл ішінде біз 40 дәретхана қойдық. Демалатын орындардаға қатысты мәселені көтердік. Келесі аптада Ақтауда үлкен туристік жиын болады. Оған Премьер-министрдің өзі қатысады. Сонда бұл мәселелерді пысықтайтын боламыз, – деді туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев. 

Сондай-ақ, министрге журналистер "Албандықтар біздің елге көп келеді, туризм үшін деп ойлайсыз ба?" деген сауал қойылды. Ермек Маржықпаев "Жұмысқа деп ойлаймын" деп жауапты қысқа қайырды.

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: