Тұрғындар төрт айлық сәбиді құтқарған өрт сөндірушіні марапаттауды сұрады

3 Наурыз, 00:00 1070

Астанада тұрғын үйлердің бірінде болған өрт кезінде 4 айлық бала құтқарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, сәбиді көпқабатты тұрғын үйдегі өрттен #1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы Лесхан Мақсат Әбдіқайымұлы құтқарды.

Осыдан соң тұрғындардың бірі өрт сөндірушіге алғысын білдіріп, оны марапаттауды сұрады.

Құрметті төтенше жағдайлар министрі, вице-министр, Мақсат есімді жігітке алғыс білдіріп, марапаттауыңызды сұраймыз, - деді тұрғын.

Зарина Арман
Бөлісу: