Тұрғындар арасында сот, полиция мен прокуратураға қатысты шағым көп – Мемлекет басшысы

29 Тамыз 2023, 15:23 1151

Сот және құқық қорғау жүйесінің мінсіз жұмысын қамтамасыз ету қажет. Президент бұл туралы адам құқықтарын қорғау жүйесінің өкілдерімен кездесі кезінде айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Азаматтардың сот шешіміне, қадағалау және құқық қорғау органдарының қызметіне арыз-шағымы көбейіп барады. Жұрт құзырлы органдардан әділдік таба алмаған соң Президент Әкімшілігіне арызданады. Осындай өтініштердің саны азаяр емес, - деді Тоқаев.

Мемлекет басшысының сөзіне қарағанда, тұрғындар арасында соттың, полицияның және прокуратураның қызметіне қатысты шағым өте көп.

Келіп түскен арыздардың сараптамасы соттың, полицияның және прокуратураның қызметіне қатысты шағым өте көп екенін көрсетеді. Бұл – аса маңызды мәселе. Оны шешуге сіздер тікелей атсалысуларыңыз қажет, - деді Президент. 

Мадина Асылбекова
Бөлісу: