Тұрғын үй құлап, он адам қаза тапты

17 Ақпан, 16:25 1365

Каир қаласында тұрғын үйдің опырылуы салдарынан кемінде 10 адам қаза тауып, тағы 8 адам жарақат алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Al Arabiya басылымы мәлімдеді.

Оқиға Кердаса жұмысшылар ауданында болды. Мемлекеттік БАҚ мәліметінше, үйінділер астында әлі де адамдар қалуы мүмкін. Құтқару топтары мен азаматтық қорғаныс қызметкерлері іздеу-құтқару жұмыстарын жалғастыруда. Оқиға орнына ондаған жедел жәрдем көлігі жөнелтілді.

Куәгерлердің айтуынша, ғимараттың құлауына "газ баллонының жарылысы" себеп болуы мүмкін. Қазіргі уақытта Каир полициясы трагедияның нақты себебін анықтау үшін тергеу жұмыстарын бастады.

26 миллионнан астам халқы бар Каирде соңғы жылдары осындай апаттар жиі болады. Сарапшылар бұл жағдайды көптеген ғимараттардың ескіруімен және құрылыс нормаларының жүйелі түрде бұзылуымен байланыстырады.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: