Тұрғын үй кезегінде тұрған жаңаөзендіктер баспаналы болды

29 Желтоқсан 2023, 23:16 892

Жаңаөзен қаласының 55 жылдығы аясында Жаңаөзен қаласындағы тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар үшін қала әкімдігінің қолдауымен Отбасы Банк арқылы «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына» сәйкес тұрғын үйлерді табыстау салтанатты шарасы өтті,деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.

Тұрғын үйлерді салтанатты түрде тапсыру рәсіміне қала әкімінің орынбасары Жансейт Қайнарбаев, Жаңаөзен қалалық мәслихатының төрағасы Ғалым Байжанов және Маңғыстау облыстық «Отбасы банк» филиалының төрағасы Медет Абуғалиев қатысып, тұрғындарға көптен күткен пәтерлерінің кілтін табыс етті.

«Өте ризамын! Жаңа жылмен жеткен қоныс той болды. Елімізде тұрғын үй кезегінде тұрған басқа отбасыларға да жұғысты болсын! Мұндай бағдарламалардың аясы кеңейе берсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!», - деді Эрик Жұмабаев.

Айта кетейік, қазіргі таңда Жаңаөзен қаласы бойынша мемлекеттік тұрғын үй тізім кезегінде 5520 адам тізімде тұр.

Аталған бағдарламаға;
1.Бірінші және екінші топтағы мүгедектер; 
2. Мүмкіндігі шектеулі балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар; 
3. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; 
4. Көп балалы отбасылар
5. Толық емес отбасылар
6. Бюджет саласының қызметкерлері қатысты.

Сонымен қоса жергілікті әкімдік тарапынан тұрғындар таңдаған пәтерлерінің алғашқы жарнасына 10% (пайыз) тұрғын үй сертификатына қаражат қарастырылып, тиісті топтағы үй иелеріне қаражат төленді.

Перизат Саденова
Бөлісу: