«Тұншығасың»: норвегиялық шахматшы Алматының ауасына шағымданды

Бүгiн, 13:15 206

Норвегиялық гроссмейстер, шахматтан бірнеше дүркін әлем чемпионы Магнус Карлсен Joe Rogan Experience подкастында Алматыдағы сапарын еске алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Танымал шахматшыға Алматының өзі де, ауасы да ұнамаған, алайда тауға небәрі бір сағатта жетуге болатынын бағалаған.

Ол тыныс алу қиындап кеткендіктен, тауға қарай қашуға мәжбүр болған.

Шахматтан әлем чемпионаттары біртүрлі жерлерде ұйымдастырылады. Солардың бірі Алматыда өтті. Қыста ол жақта ауа сапасы өте нашар. Қаланың өзі де керемет емес. Төменде, қалада тыныс алу мүмкін болмай кетті, тұншығасың. Сондықтан жарысқа қатысатын болсам, маған тез арада таза ауа керек деп ойладым. Сондықтан тауға кетіп қалдым, — дейді Карлсен.

Магнус Алматыға 2022 жылғы желтоқсан айының соңында келген. Сол кезде оңтүстік астанада рапидтен әлем чемпионаты өтіп, жеңіске жетті.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: