"Тұңғышымнан айырылып қалдық". Баян Алагөзова 20 жасында болған оқиғаны айтып берді

4 Қаңтар, 17:41 1338

Танымал продюсер Баян Алагөзова “Мамский әңгіме” подкастында алғашқы баласынан қалай айырылып қалғанын айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

19 жасымда тұрмысқа шықтым. 20 жасымда жүкті болып, Айсәуленің алдында бір бала шетінеп кетті. Айсәуле – екінші перзентім. Тұңғыш баламның жүрегі 36 аптаға жақындағанда тоқтап қалды. Өте ауыр болды. Бұл менің алғашқы күйзелісім еді. Ол кезде өте жас болдым. Физикалық тұрғыдан өте ауыр болды, өлген баланы босану үшін он күндей жүрдім. Дәрігерлер мені қабылдаудан бас тартты, – деп еске алды.

Баян Алагөзова он күн бойы жүрегі тоқтаған баласын босана алмағанын айтты.

Бұл оқиғаның болғанына – 29 жыл. Ол кезде медицина дамымаған кез. Ешқандай дәрігер жауапкершілік алғысы келмейді. Дәрігерлер ата-анамнан "егер бірдеңе бола қалса, ешқандай шағым түсірмейміз", деп қолхат жаздырып алды. Кесарь тілігін жасауға болмайды, өйткені инфекция түсуі мүмкін. Сол үшін он күн бойы дәрі салды. Кейін санап шықсам, сол кезде жамбасыма күніне қырыққа жуық екпе салған екен. Оңай емес, өлген баланы он күн бойы ішімде көтеріп жүрдім, сол үшін инфекция тарамасын деп екпе сала берді. Сосын он күннен кейін босандым. Бірақ үш айдан кейін Айсәулеге қайта жүкті болдым, – дейді Баян Мақсатқызы.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: