Шымкент қаласындағы Beeline Arena ұлттық теннис орталығында Juniors Davis Cup финалдық кезеңінің жолдамасы сарапқа салынды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Ширек финалда Сергей Квак шәкірттері әлемдегі ең мықты командалардың бірі – Juniors Davis Cup-тың алты дүркін чемпионы Австралия құрамасын 2:0 есебімен жеңді.
Қазақстан командасының қоржынына бірінші ұпайды Лахлан Макфадзенді жеңген Заңғар Нұрланұлы салды – 5:7, 6:3, 6:1. Ал екінші болып кортқа шыққан Әмір Омарханов Джейк Дембоны 6:2, 6:1 есебімен жеңді.
Осылайша, күзде Испанияның Кордоба қаласында жасөспірімдер арасында өтетін «Дэвис Кубогы» мен «Билли Джин Кинг Кубогының» финалдық кезеңінде Қазақстанның 16 жасқа дейінгі қыздары мен ұлдары тұңғыш рет ойнайды.