Тұңғыш Президент кеңсесінің бюджеті қысқарады

2 Наурыз 2023, 18:21 995

Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков Тұңғыш Президент кеңсесінің бюджеті 130 млн-ға азаятынын мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«Нақтыланған бюджет шеңберінде биыл ҚР Тұңғыш Президенті кеңсесінің қаржысы 130 млн теңгеге қысқарады», - деп жауап берді Дәурен Темірбеков БАҚ өкілдерінің сауалына.

Бұған дейін қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Нұрсұлтан Назарбаев кеңсесінің бюджеті біртіндеп қысқаратынын айтқан еді.

EL.KZ
Бөлісу: