Түнгі клубта ұсталған жігіт ұзақ жылға сотталды

18 Маусым, 02:30 608
Алматының түнгі клубында ұсталған жігіт есірткі таратқаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
 
Былтыр қыркүйек айында түнгі клубта синтетикалық есірткі сатып жүрген 27 жастағы жігіт ұсталған болатын.
 
Тінту кезінде ақ түсті синтетикалық ұнтақ салынған түйіншек табылды. Барлығы сот-химиялық сараптамаға жіберілді. Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 297-бабы (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша іс қозғалды.
 
Ұсталған жігіт жақында 28-ге толды. Сотта ол Қылмыстық кодекстің 297-бабы, 3-бөлігінің 6-тармағы (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу, қоғамдық орында жасалған іс-әрекеттер) бойынша кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды.
Перизат Саденова
Бөлісу: