Түнгі клубта билеген хиджабтағы қыз үшін жаппай төбелес болды

22 Қаңтар, 09:27 4137

Махачкалада түнгі клубта билеп жүрген хиджаб киген қыз жаппай төбелеске себеп болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Түнгі клубта жүрген Ирасхан есімді азамат хиджабтағы қыздың билеп жүргенін көріп, оның күйеуіне ескерту жасайды. Дегенмен, клубдта жүргендер оның ескертуіне ешқандай мән бермеген. Кейін ер адам орамалды қыздың әрекеті үшін сол жерде 3 адамды пышақтап тастаған.

Даяшылар музыканың қатты дауысынан төбелес болып жатқанын байқамаған. Жанжалды дер кезінде тоқтатпағанның салдарынан екі адам ауруханаға жеткізілді. Ирасхан есімді азамат ұсталды, – делінген Mash Gor Telegram арнасында.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: