«Түнде шығарып аламыз». Қайраттың анасы жақсы жаңалығын айтты

19 Шілде, 10:45 2440

Қайрат Нұртастың қашан бостандыққа шығатыны белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Анасы Гүлзира Айдарбекова Instagram парақшасына немерелерімен болған хат алмасуын жариялаған.

Ол немересіне әкесін «ертең түнде шығарып алатынын» жазады.

Сезім мен Алау қыздарым, папаларын уайымдап, «апа біз папамызды қатты-қатты жақсы көреміз» деп хабарласып әлек. Алла бұйыртса әні-міні деп, сағат санап отырмыз. Бала-шағасына не десе де, жоқ деп айтып көрген кезі болмаған. Қашанда армандарын орындау – бар мақсаты. Кім қай жақты қалады бірі Барселонаға, бірі Кореяға, бірі Америкаға бәрінің арманын орындап, түгел білгендей төлемдерін жасап кетті. Ана жақта отырса да, не сұраса да салып отырсыншы деп бала-шағам қиналып қалмасын деп адвокаты арқылы жеткізіп, уайымдаумен отырды. Бір жаққа барамын не аламын десе, менде солай жоқ деп айта алмаушы едім бала-шағама. Алла сол пейіліне беріп жатқан шығар деп қоямын кейде. Жүрегімізден мейірім кетпесін, – деп жазды ол. 

Айта кетейік, өнер иесі ұшақта төбелесіп, 15 күнге қамалған еді.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: