«Тұмар» ұлттық телевизиялық байқауына жаңа номинациялар қосылды. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Facebook-тегі парақшасына жазды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Байқауға биыл жаңа номинациялар қосылып отыр. Биыл әріптестеріміз алғаш рет «Үздік журналистік зерттеу» және «Үздік спорт комментаторы» номинациялары бойынша өз бағын сынай алады. Сондай-ақ «Үздік деректі фильм» аталымы белгілі жазушы-публицист, өнертанушы, телевизия майталманы Камал Смайылов ағамыздың атына берілсе, Қазақстандық тұңғыш телевизия аниматоры, суретші, кинорежиссер Әмен Қайдаров атындағы арнайы премия «Үздік анимациялық фильм» деп аталады, - деп жазды ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі.