Тұман, көктайғақ, бұрқасын: Сенбіге арналған ауа райы болжамы

25 Қараша 2023, 08:26 755

«Қазгидромет» республика аймақтарында 2023 жылғы 25 қарашада болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР басым бөлігінде күн райы тұрақсыз сипатта болады, жауын-шашын (жаңбыр, қар), шығыста қатты жауын-шашын болады. Тек елдің оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде жауын шашынсыз ауа райы болжанады. Қазақстан бойынша тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, бұрқасын болжануда.

Берік Арманов
Бөлісу: