Тұман, бұршақ: 29 тамызда ауа райы қандай болады

29 Тамыз, 06:26 436

«Қазгидромет» РМК 29 тамызда еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Синоптиктердің мәліметінше, атмосфералық фронтальді бөліктердің жүруіне байланысты ҚР аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады: найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл соғады, жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жаңбыр жауады деп болжанады.

Тек еліміздің батысында, оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында, орталығында антициклон сілемінің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша желдің екпіні күшейеді. Еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында түнгі және таңертеңгі уақыттарда тұман түседі деп күтіледі.

Абай, Ұлытау облыстарында, Батыс Қазақстан облысының орталығында, батысында, Атырау өңірінің оңтүстік-шығысында, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, орталығында, Қызылорда облысының солтүстік-батысында, орталығында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Алматы өңірінің батысында, солтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының батысында, Қарағанды облысының батысында, шығысында, Жетісу облысының солтүстік бөлігінде өрт қаупі жоғары болады.

Қызылорда, Жамбыл, Атырау, Маңғыстау облыстарында, Түркістан облысының оңтүстігінде, орталығында және шөлейтті аудандарында, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында, батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, Абай облысының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Зарина Арман
Бөлісу: