Түлектерге әлеуметтік көмек: Астанада құжаттарды қабылдау жүріп жатыр

10 Шілде, 07:16 672

Астанада түлектерге әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттарды қабылдау жүріп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, 1 шілдеден 23 тамызға дейін (қоса алғанда) Астана қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау Басқармасы түлектерге қаланың жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанын төлеуге әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар қабылдауды жүргізеді. 

Жыл сайын Астана қаласының жалпы білім беретін мектептерінің түлектеріне әлеуметтік көмек көрсетіледі:

- жетім балалар;
- балалар үйінің түлектері;
- бала кезінен мүгедектігі бар адамдар;
- ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
- көп балалы отбасылардан шыққан балалар (оның ішінде осы жылы үлкен бала - кәмелетке толған кезде білім беру ұйымдарына күндізгі оқу нысанына түскенге дейін);
- асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік жәрдемақы алатын азаматтар.

Оқыту еңбек нарығында сұранысқа ие 36 мамандық бойынша жүргізіледі:

- Жалпы медицина;
- Фармация;
- Әлеуметтік жұмыс;
- Сәулет (BIM менеджері дизайнер);
- Электр энергетикасы;
- Дене шынықтыру және спорт;
- Психология;
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (бағдарламашы);
- Дизайн ;
- Ақпараттық жүйелер (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде оқыту құқығы бар компьютерлік жүйелерді әзірлеуші және талдаушы), Ақпараттық технологиялар
- Азық-түлік технологиясы;
- Газ жабдықтарына қызмет көрсету инженері;
- Информатика;
- Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (логистика маманы);
- Биотехнология;
- Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі;
- Мектепке дейінгі оқыту;
- Педагогикалық (математика мұғалімі);
- Педагогикалық (химия және биология мұғалімі);
- Қазақ тілі мен әдебиеті ;
- Геодезия және картография (web-картография);
- КИПиА инженері (бақылау-өлшеу аспаптары және автоматтандыру);
- Электроника инженері;
- Құрылыс ;
- Жылу энергетикасы;
- Ақпараттық қауіпсіздік;
- Көгалдандыру;
- Электрондық коммерция;
- Экономика және деректер ғылымы саласындағы Бизнес-әкімшілендіру;
- Үлкен деректерді талдау;
- Медиа технологиялар медиа өнері;
- Сандық медиа менеджменті;
- Жасанды интеллект технологиялары;
- Құрылыстағы цифрлық дизайн;
- Экология және табиғатты пайдалану;
- Гидрология.

Әлеуметтік көмек алу үшін не істеу керек?

Басқармаға келесі құжаттарды қоса бере отырып, өтініш беру қажет:

1) жеке басын куәландыратын құжат;
2) жиынтық табысты есептеу қағидаларына сәйкес адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер;
3) ата-анасының қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі (жетім балалар үшін);
4) көп балалы отбасының мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі (көп балалы отбасылардан шыққан балалар үшін);
5) туу туралы куәліктің көшірмесі (жетім балалар үшін);
6) Астана қаласының орта мектебін бітіргені туралы аттестат;
7) ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижелері бойынша берілген мемлекеттік сертификат.
8) Екінші деңгейдегі банктегі не «Қазпошта» акционерлік қоғамындағы банктік шоттың нөмірі туралы мәліметтер.

Айта кету керек, жан басына шаққандағы орташа табысы отбасының бір мүшесіне шаққанда 4 күнкөріс деңгейінен аспайтын ақшалай төлемдер түрінде әлеуметтік көмек тағайындалады.

Әлеуметтік көмек алу үшін Астана қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына Бейбітшілік көшесі, 9 мекенжайы бойынша жүгіну не құжаттарды веб-портал арқылы электрондық түрде беру қажет https://egov.kz/cms/ru/services/citizen_and_the_government/e_app   «электрондық өтініш» бөлімінде. Айтпақшы, тестілеу кезінде ең аз балл жинамаған мектеп түлектеріне әлеуметтік көмек тағайындалмайды.

Аудан тұрғындары үшін Анықтама телефондары:
Алматы: 55-01-74, 8 702 837 50 05;
Байқоңыр: 55-72-32, 8 771 830 32 78 ;
Есіл: 55-74-50, 8 705 427 92 40 ;
Нұра: 55-68-40, 8702-149-02-55 ;
Сарыарқа: 55-14-87, 8701 621 62 99,
8702-546-86-95.

Перизат Саденова
Бөлісу: